378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Индонезиядағы сайлауда дауыс санап зорыққан 300-ден астам адам көз жұмды

  • 267
  • UPD: 09:02, 02.05.2019

Индонезияда дауыс санаудан зорыққан сайлау комиссиясының 318-ден астам мүшесі жан тапсырды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олар әбден қиналып, әлсіреп қалғандықтан қаза тапты. Қатты қалжыраған тағы 2 мың адамның денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен.  Естеріңізге салайық, сәуірдің 17-сі Индонезияда ең үлкен сайлау өтті. Ел тұрғындары президенттен тыс екі палатаның депутаттарын, сонымен қатар жергілікті заң шығарушыларды сайлаған. Дауыс беруге 193 млн сайлаушының 80 пайызы келді. Әр адам 5 бюллетенді толтыру керек болатын. Барлық бюллетень қолмен саналып жатыр. Саяси додаға қатысқан 240 кандидат 20 мың орынға таласты. Ал дауыс санау мамырдың 22-сіне дейін жалғасатын болады.

Телеканал Хабар 24