378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Сеул орталығында қазақ әуендері шырқалды

  • 151
  • UPD: 09:02, 02.05.2019
Сеул орталығында қазақ әуендері шырқалды

Қазақ әуендері Сеул орталығында шырқалды. Оңтүстік Корея астанасында Орталық Азия елдерінің мәдениет фестивалі мәресіне жетті.

Шараны «Корея-Орталық Азия» форумының хатшылығы және елшілігіміз ұйымдастырды. Екі күн бойы Чонгечон бұлағындағы алаңда  келушілерге қазақтың  ұлттық тағамдары мен кәдесыйлар тартылды. Қонақтар қазақстандық дизайнер Кәмиля Сүлейменованың сән коллекциясын тамашалады. Барлық киімдерді ол өз қолымен киізден тікті. Ал қазақ халық әуендерімен сеулдықтарды «Ұлы дала» тобы таныстырды. Самат Әбуталипов, Алмат Сайжан және Жәнібек Сапаров ән айтып, шаңқобыз, қобыз, домбыра секілді халық аспаптарында ойнады. Ал еліміздің эстрада әндерін қобызбен Әйгерим Әшімова орындады.

Пак Джу Ха, Сеул қаласының тұрғыны:

- Бүгін қазақ музыкасын тындап ол корей әуендерге ұқсайтын түсіндім. Қазақтар да бізге өте ұқсайды. Мен Қазақстанда екі рет болдым, бүгін қазақ тағамдарынан дәм татып, тағы бір рет еліңізге саяхат жасауға ой келді.

Телеканал Хабар 24