378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Буэнос-Айресте халық қаржы тапшылығына қарсы ереуілге шықты

  • 147
Буэнос-Айресте халық қаржы тапшылығына қарсы ереуілге шықты

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте халық ереуілге шықты. Наразы жұрт қаржы тапшылығын айтып, ел президенті Маурисио Макри саясатын сынға алды.

Шаһар орталығына шыққандар көшедегі көлік қатынасын тежеді. Аймақтағы мемлекеттік ғимараттар мен мектептер, сонымен қатар, әуежай мен банктер өз жұмысын тоқтатты. Айта кетейік, Аргентинада инфляция деңгейі өсіп, экономикасы құлдырай бастады. Елде қымбатшылық белең алды. Ұлттық валюта құнсызданды. Осылайша қаржы қыспағында қалған Аргентина Халықаралық валюта қорынан 56 млрд доллар көлемінде несие алу туралы келісімге келді. Ел азаматтары болса, бұған үзілді-кесілді қарсы. Олардың пікірінше, 2001 жылы Аргентинаның қаржы дағдарысына ұшырауына Халықаралық валюта қоры себеп болған. Сол кезде үкімет реформасы шетелдік инвестициялар ашып, жергілікті компаниялар құлдыраған еді. Дағдарыстың зардабын халық әлі күнге дейін тартып отыр.

Телеканал Хабар 24