378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Үндістанда алапат дауыл соқты

  • 122
  • UPD: 23:00, 03.05.2019
Үндістанда алапат дауыл соқты

Үндістанда да дүлей дауыл соқты. Елдің шығыс аймақтарын жайпап өткен «Фанни» циклоны аймаққа нөсер жауын мен жойқын жел әкелді.

Ол сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған. Абырой болғанда ел билігі қауіпті жерлерден алдын ала 1 миллионға жуық тұрғынды эвакуациялап үлгерді. Әуе және теміржол қатынастары кейінге шегеріліп, барлық білім беру мекемелері жұмысын тоқтатты. Табиғи апат болған аймаққа жүздеген құтқарушы жұмылдырылды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетелік, Үндістанда жыл сайын осындай уақытта тропикалық циклондар маусымы басталады. 1999 жылы жойқын дауылдан 10 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.

Телеканал Хабар 24