378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Францияда «қара одақ» қозғалысы Парижді қоқыс алаңына айналдырды

  • 119
  • UPD: 23:38, 03.05.2019
Францияда «қара одақ» қозғалысы Парижді қоқыс алаңына айналдырды

1 мамыр күнгі Франция астанасындағы ереуілдер әлі де толастар емес. Алайда бұл жолы басты назарға «сары кеудешелер» емес, «қара одақ» қозғалысы ілігіп отыр.

Оның өкілдері кәсіподақ жұмысшылары мен «сары кеудешелер» тобымен араласып кетіп, Парижді ұрыс алаңына айналдырған. Қара бетперде мен қалпақ киген белсенділер қоқыс жәшіктерін өртеп, ғимарат терезелерін сындырып, жолындағының бәрін қиратумен болған. Сондықтан тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, ереуілшілерді күшпен таратуға тырысты. Айта кетелік, «сары кеудешелер» мен «қара киімділер» арасында еш байланыс жоқ. Бірлесе әрекет те етпейді. Жергілікті мамандардың айтуынша, «қара одақ» қозғалысы осымен ондаған жыл бойы әрекет етіп келеді.

Телеканал Хабар 24