378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шри-Ланкада көпірлердің күзеті күшейтілді

  • 100
Шри-Ланкада көпірлердің күзеті күшейтілді

Шри-Ланкада көпірлердің күзеті күшейтіліп, өзендер мен су арналарында сақшылар саны көбейді.

Себебі лаңкестердің теракт жоспарлағаны туралы мәлімет түскен. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2 апта бұрын шіркеулер мен қонақ үйлердегі жарылыстарға қатысы бар кейбір лаңкестер әлі еркіндікте жүр.

Еске сала кетейік, сәуірдің 21-і күні Шри-Ланка астанасы Коломбо мен тағы екі қалада ірі лаңкестік жасалып, 250-ден астам адам көз жұмды. 500-ге жуық тұрғын жарақат алды. Терактіні «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы», яғни ТГИЛ мойнына алды.

Телеканал Хабар 24