Францияда сары жейделілер тағы да наразылық шеруін өткізді. Бірақ осымен 25-рет ұйымдастырылған шара бұл жолы бейбіт өтті.
Шерушілер көліктерге от қойып, дүкендерді талқандаған жоқ. Жалпы шеруге бүкіл ел аумағында 19 мың, ал Парижде 1 жарым мыңға жуық адам қатысты. Сарапшылардың айтуынша, наразылық акциясының бейбіт өтуіне мамырдың 1-і күнгі жаппай шеру себеп болған. Айта кетейік, ол күні алаңға 165 мыңдай адам шығып, тәртіпсіздік болған еді.