АҚШ-тың Уокинген қаласындағы жарылыс болған зауыттан тағы бір адамның мәйіті табылды.
Осылайша өндіріс ошағындағы апаттан қаза тапқандар саны 2-ге жетті. Тағы екі жұмысшы табылмай жатыр. Өрт сөндірушілер қауіпсіздікке байланысты іздестіру жұмыстарын уақытша тоқтатты. Еске сала кетейік, кеше Иллинойс штатындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 4 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жапа шеккендердің бірі емханада көз жұмды. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.