379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шығыс Грузияны су басты

  • 161
  • UPD: 23:30, 05.05.2019

Аймақта бірнеше күннен бері толассыз жауын жауып, ондаған үйді су шайып кеткен.

Кеше түнде қызыл су басқан аумаққа құтқарушылар жұмылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Желегі жайқалып, жемісі мен жидегі қатар өскен бұл аймақ қазір әлемтапырақ күй кешіп жатыр. Елдің шығысы қызыл судың астында қалды. Толассыз жауған нөсерден ондағы өзендер арнасына асып, елді тығырыққа тіреп тастады.

Георгий Чарквиани, Кахетия төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

- Әзірге сексен адам бізге хабарласып, көмек сұрады. Қазір Кахетияда жауын тоқтады. Су деңгейі бірте-бірте төмендеп жатыр. Жақын күндері жағдай дұрысталады деген ойдамын.

Құтқарушылар бұл аумақта түннен бері жұмыс істеп жатыр. Су тасқыны Вардисубани және Апениядағы елді мекендеріндегі нысандарды қиратып кеткен.   

Тамара Чулухадзе:

- Жауын тоқтаусыз жауғанда сыртқа шығудан қорықтық. Үйіме су кіре бастағанда, тіпті не істерімді білмей қалдым. Құтқарушыларға хабар бердік. Бірақ олар тек түнде ғана келді. Үйімдегі бар мүлкім жарамсыз болып қалды. 

Елдің шығыс бөлігі жарықсыз қалды. Су тасқыны электр бағаналарын құлатып кеткен. Әзірге апат шығыны есептелген жоқ. Бұл іспен арнайы құрылған комиссия айналыспақ.  

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Телеканал Хабар 24