378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Пәкістанда лаңкестік жарылыстан 8 адам қаза тапты

  • 138
  • UPD: 13:24, 08.05.2019
Пәкістанда лаңкестік жарылыстан 8 адам қаза тапты

Пәкістанның Лахор қаласындағы Дата-Дарбар ғибадатханасының маңында жойқын жарылыс болды.

Қайғылы оқиғадан 8 тұрғын қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Олардың тең жартысы ауыр халде жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Пенджаб провинциясының қарулы күштер отырған көліктің күлі көкке ұшты. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.

Телеканал Хабар 24