420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Кубада коменданттық сағат қайта енгізілді

  • 140
  • UPD: 10:18, 03.09.2020
Кубада коменданттық сағат қайта енгізілді

Куба астанасында коронавирус індетінің қайта өршуіне байланысты коменданттық сағат енгізілді.

Қатаң шектеу шаралары 15 күнге жалғасады. Қала тұрғындарына кешкі сағат 19:00-ден таңғы 5:00-ге дейін аса қажеттілік болмаса, көшеге шығуына тыйым салынды. Тәртіп бұзғандар 125 доллар көлемінде айыппұл төлейді Ал биліктің мұндай қадамға баруына коронавирустың Гавана тұрғындарынан өзге аймақтарға көптеп тарай бастауы себеп болған. Айта кетейік, Кубада коронавирус таралғалы дертке 4 мыңнан астам адам ғана шалдыққан. Аурудан 95 науқас көз жұмды.

- Менің ойымша бұл – дұрыс шешім. Себебі жастар сақтық шараларына немқұрайлы қарап, орындамай жатыр. Шектеулер індеттің таралуына тосқауыл қояды деп ойлаймын.

- Мен бұл шараны толық қолдаймын. Себебі біз вирусты тек осындай шектеулерді қолданып жеңе аламыз.

Телеканал Хабар 24