Германияда вакциналау қарқынды өтіп жатыр

Германияда ересек азаматтарының үштен екі бөлігі ковидке қарсы екпе салдырды.

Бұл үкімет жоспарлаған көрсеткіштен де артық. Алайда алдағы айларда саясаткерлер вакциналау қарқынын үдете түспек. Бұған тез жұғатын дельта штамының елде таралып кетуі себеп. Қазірдің өзінде ауру жұқтырудың тең жартысы осы қауіпті мутацияның үлесіне тиіп тұр. Бұл елде  ауруды жұқтыру саны алдымен азайып, кейін тәуілігіне 27 мыңға дейін жетті.

Йенс Шпан, Германияның денсаулық сақтау министрі:

– Көп ұзамай, болжам бойынша, Германияда «Дельта» штамы өршиді. Осы айдың соңында 70-80 процентке жететін түрі бар. Дельта вирустың өзге түріне қарағанда тез жұғатын штамм екені белгілі. Біз халық алдындағы уәдемізді орындап, еліміздің әр тұрғынына жаздың аяғына дейін екпе салдыруға мүмкіндік береміз.