Ресейде нөсер соңы тасқынға ұласты

Сочиде 4 шілдеден бері толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты.

Салдарынан Херота және Мацеста өзендері арнасынан тасып жатыр. Күшті жел тұрып, екпіні секундына 22 метрге жетті. Сочиде 34 ағаш құлаған. Солардың бірі бір адамды басып қалып, көз жұмды. Кейбір жерде электр желілері үзіліп, жарық өшті.

Билік тұрғындарға барынша сақ болуды ескертіп, жағдай бұдан да қатты ушықса, қауіпсіз жерге көшіретінін мәлімдеді.