Кабул әуежайында атыстан бес адам қаза тапты

Кабул қаласындағы халықаралық әуежайда 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Рейтерс ақпарат агенттігі хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, халық әуежайға ағылған кезде атыс басталған. Алайда марқұмдардың нақты не себептен көз жұмғаны әзірге белгісіз. Олардың қыспақ астында қалуы әбден мүмкін деген де болжам бар.

Айта кетейік, Құрама Штаттар Кабулдегі дипломатиялық өкілдіктен барлық қызметкерін әуежайға көшіріп үлгерді. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір әуежай аумағы АҚШ әскерімен күзетіліп жатыр.