Оманда «Шахин» дауылынан адамдар ажал құшты

Оманға келген «Шахин» дауылының салдарынан су тасқыны болып, 3 адам ажал құшты. Арасында бала бар.

Жағалаудағы мыңдаған тұрғын шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді. Ел астанасы Маскатта көліктер суға батып, әуе қатынасы тоқтады. Біріккен Араб Әмірліктерімен шекара маңынан келетін қызметкерлерге үйден шықпай, қашықтан жұмыс істеуға нұсқау берілді. Күшті желдің екпіні сағатына 150 шақырымға жеткен.

«Шахин» дауылы Иранда да ойран салып, 6 адамның өліміне себепші болған.