Ливанда мұнай қоймасы өртенді

Ливанның оңтүстігінде мұнай сақтайтын цистерна өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті Al-Jadeed телеарнасының хабарлауынша, өрт Захрани мұнай қоймасындағы цистерналардың бірінен шыққан.

«Азаматтық қорғаныс қызметкерлері Захрани нысанындағы бензол сақтайтын қоймалардың бірінде шыққан өртті сөндіріп жатыр», - делінген телеарна таратқан мәліметте.