434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сербияда мигранттар мінген автобус апатқа ұшырады

  • 81
  • UPD: 09:05, 15.11.2021
Сербияда мигранттар мінген автобус апатқа ұшырады

Сербияның шығысында мигранттар мінген шағын автобус аударылып, 2 босқын көз жұмды. Тағы 19-ы жараланған. 4-уінің халі ауыр.

Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға Болгариямен шекаралас аумақта болған. Мигранттарды заңсыз тасымалдаған деген айыппен жергілікті азамат қамауға алынды. Алдын ала ақпарат бойынша, көлік жоғары жылдамдықта келе жатып, жол шетіндегі бекетті соғып, аударылған.

Небожса Джованович, ортопед-дәрігер:

– Мигранттардың көбі – балалар. Ортопедия бөлімінде 2 босқын қаралып жатыр. Олардың мойын және арқа омыртқаларына зақым келген.

Телеканал Хабар 24