379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Бакуде қазақ музыкасының танымал қайраткерлерімен кездесу өтті

  • 161
  • UPD: 09:02, 18.03.2019

Бакуде халық әртісі Нұржамал Үсенбаева мен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кездесуі өтті. Ұлттық консерваториядағы кешке көрермен көп жиналды.

Әзербайжанның ұлттық консерваториясы қазақ музыкасының танымал қайраткерлері Бакуде жүргенін естіп, белгілі тұлғалармен кездесу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысқан. Шығармашылық кешке дайындық та көп уақытты алған жоқ.

Сиявуш Керими, әзербайжан ұлттық консерваториясының директоры:

- Бұл алдын ала жоспарланбаған кеш болды. Бірақ әйгілі адамдармен кездесу көпір іспеттес жақсы қатынас орнатады. Халықтарды жақындататын осындай мәдени кездесулер маңызды.

Кеште қазақстандық өнерпаздардың шығармашылық жолдары талқыланып, қазақтың ұлттық әндері, еуропалық және америкалық классиктердің шығармалары шырқалды.

Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның халық әртісі:

- Бүгінгі шығармашылық кеш біз үшін күтпеген оқиға болды. Бірақ мұндай кездесулер алда әлі жалғасын табады деген ойдамын.

Кездесуде әсіресе көрермендердің көңілінен шыққаны қазақ халық әні «Алқоңыр» болды. Төлеген Мұхамеджанов рояльда өзінің бірнеше шығармасын орындады.

Төлеген Мұхамеджанов, композитор:

- Біз өз мәдениетімізді көрсетіп қазіргі әзербайжан музыкасымен танысқымыз келеді. Себебі музыка халықтарды жақындастыратын көпір. Қазіргідей кештер ақпарат құралдары арқылы таратылатын мәліметтерден көп мәлімет береді.

Шараны ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұдан да ауқымды шаралар өткізіп, шығармашылық ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Телеканал Хабар 24