389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Өнер адамдары Елбасы шешімін ерлікке теңеді

  • 1098
  • UPD: 10:08, 20.03.2019

Еліміздегі өнер адамдары да Елбасының бүгінгі тосын шешімін ерлікке балап, қимастық сезімдерін білдірді. Президенттің өнер үшін жасаған ұшан-теңіз еңбегін атап, Қазақстанның абыройын көтерудегі бастамаларына ризашылықтарын білдірді.

Майра Мұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Өзі қазақ халқы ырымшыл халық қой. Ойланбай еш нәрсені қабылдамайды. Бүгінгі бұл кісінің шешімі біраз уақыт  өзі ойланып, толғанып қабылдаған қаулысы болар. Бірақ солай аяқ астынан боулы әркімді толғандырады. Бір жағынан ойлаймын. Қандай мықты шешім. Біз не айтамыз. Біз тек ғана рахмет айтамыз.  Елбасына осы отыз жыл бойы істеген еңбегіне, маңдай теріне.  Қазақ халқын ешқандай соғыссыз, бейбітшілік заманда осындай керемет дамып жатқан елдер қатарына қосылып бара жатқанымызға. Соған бізді керемет басшы ретінде алып бара жатқан кезде мен ойламын бір қимастық. Біздің халқымызға биіктетіп осындай өнер ошақтарын салып берді. Ал әрбір өнер адамдарына деген ықыласы, көңілі біздің спектальдерге келіп, көріп жағдаймызды жасап отырды.

Мадина Басбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:                                                                                                            

- Мен оған өнер саласын, жастарды әрдайым  қолдағанына ризашылығымды білдіремін. Ол біз үшін осындай театр салды. Әрине мен Президентке рахметтен басқа айтарым жоқ. Менің ойымша, ол өте ақылды адам және қай сәтте қандай шешім қабылдау керектігін біледі.

Телеканал Хабар 24