380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Хореограф Перизат Омарбекованың би қойылымдары көктемнің кереметімен астасқан

  • 163
  • UPD: 09:27, 24.03.2019

Күн мен түн теңелер шуақты көктемде табиғат та түлейді: бәйшешек бүр жарып, оған құстың әсем әні қосылады. Хореограф Перизат Омарбекованың би қойылымдары көктемнің осы кереметімен астасқан. Би дүлдүлі – Шара Жиенқұлованың бірегей би қимылдарын жаңғыртып жүрген өнерпаз.

Перизат Омарбекова шығармашылығының 20 жылын атақты Шараның би қимылдарын зерттеп, жаңғыртуға арнады. Елімізді былай қойғанда, әлем сахналарын мойындатқан би ханшайымы ұлттың болмысын ашатын қимылдарды өнерге айналдырды, - дейді Перизат.

Перизат  Омарбекова,  ҚР мәдениет қайраткері:

- Шара апамыздың заманынан келе жатқан элементтер Алма мойын, деген екі қолымызды былай, мысалы сырға сырғамен ойнау, өзен-көлдер, Шара апамыздың ойлап тапқан қимылдары біздің салт дәстүрімізден, киіз басу, жүн түту, жүнді сабау, киіздің оюларын қойып жатқан қиымлдар, текеметті басу.

Би ханшайымы Шара Жиенқұлованың мына қимылдарын Перизат бала күнінде үйренген. Кәсіби білімі болмаса да, қазақтың би өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Шара Жиенқұлованың табиғаттың әр сәтін қимылына қосып, саусақты сөйлетуі шығармашылығының ең басты ерекшелігі екен.

Әлима Молдахметова, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы:

- Шара апайдың ерекшелігі – ол қол қимылдарының пластикасы. Ол табиғатты қалай сезінгенін таудың кең дала бұрқасын толқын, құстың, табиғаттың бәрін, қол қимылдарының плстикасымен жеткізе білген.

Перизат Омарбекова өзін Шара Жиенқұлованың ізбасары санайды. Себебі оның шәкірттері Шара апаның «Айжан қыз» биін үлкен сахналарда орындап жүр.

Перизат  Омарбекова,  ҚР мәдениет қайраткері:

- Қазақ биінің классикасын, Шара апамыз салып кеткен дара жолы, сара жолыымен осы қазақ биінің методикасымен қазақ биінің классикалық үрдісін, ешқандай халыққа ұқсатпай, ешқандай халықпен шатастырмай, ешқандай халыққа еліктемей, өзінің қан сөлінде, өзінің бастапқы үрдісінде, өзінің заңдылықтарымен, бір сөзбен айтқанда алтындай қалпын сақтауымыз керек деп ойлаймын.

Перизат қазір биылғы Наурыз мерекесіне арнап көктем, махаббат пен нәзіктікке құрылған «Наз» би қойылымын тарту етті. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Индира Оразалинова, Мухит Құдықбаев

Телеканал Хабар 24