379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Роза Рымбаеваға Киевте халықаралық премия табысталды

  • 242
  • UPD: 23:30, 24.03.2019
Роза Рымбаеваға Киевте халықаралық премия табысталды

Киевте Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваға мәдениет және өнер саласындағы халықаралық премия табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты марапат Тарас Шевченко атындағы Украина ұлттық опера және балет театрында өтті. Жалпыұлттық «Жыл адамы» байқауының лауреаттарына жүлде табыстау рәсімі биыл Украинада 23-рет ұйымдастырылған. Бұған дейін бұл марапатқа Италья теноры Алессандро Сафина, өзбектің халық әртісі Фаррух Закиров, әйгілі Тото Кутуньо мен француз әншісі Патрисия Каас ие болған.

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

- Мен үшін үлкен баға. Үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Сондай орындаушыларды бұлар жоғары бағалайды, жоғры диапазон керек. Үлкен шеберлік және үлкен жүрек керек. Менің ойымша, сол жүрекпен айтылғандықтан құрметтеп қарсы алады. Сондықтан болу керек, әр келген сайын Киев қаласында концерттерім өтеді, өте жылы қабылдайды. Әртістің тазалығына, жылылығына, жүрегімен орындағанына өте үлкен көңіл бөледі.

Телеканал Хабар 24