379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Парижде Алла Ильчун туралы кітаптың тұсаукесері өтті

  • 132
  • UPD: 08:21, 26.03.2019

Парижде тұратын қазақтар Азиядан шыққан әлемдегі тұңғыш супермодель Алла Ильчунның қазақ елінен екенін таныту үшін еңбек етіп жүр.

Бұрын Ильчун қытайлық санатында қабылданған.

Берлин Иришев, Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының президенті:

- Париж дүниежүзіндегі сән орталығы ғой. Сондықтан бұл жерде білгендері дұрыс, ол қыз біздің қыз екенін, біздің елден шыққан қыз екенін. Сондықтан осындай зерттеуді бітірген кезде біздің жас адамдарға, балалар, қыздарға осы сән жағынан Қазақстанның тағы да бір жақсы жетістіктерін көрсетуге жарайтындығын білдіргіміз келеді.

Парижде Алла Ильчунның өмірі мен жарқын мансабына арналған кітаптің тұсаукесері өтті. Зерттеушілердің айтуынша, Диор шабытының өмірбаянының алғашқы тиражы Қазақстанда бірнеше күнде сатылып кеткен. Қазірде Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының тобы зерттеулерін жалғастырып, деректі фильм шығармақ. Кітап авторларының пікірінше, Алла Ильчунның қазақ тамырын таныту әлемдік сән индустриясының назарын елімізге аудартып, жас дарындарымызға жол ашады.

Мадина Әбдірахманова, шараға қатысушы:

- Осындай шаралар қазақ диаспорасын біріктіріп жүр деп санаймын. Алла Ильчун секілді шетелдегі отандастарымыз туралы білгіміз келеді. Қазақстандықтар оны білуі тиіс, мақтан тұтуға лайық тұлға.

Телеканал Хабар 24