Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 94
379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Денис Мацуев алматылық жас дарынға рояль тарту етті

  • 144
  • UPD: 08:39, 27.03.2019
Денис Мацуев алматылық жас дарынға рояль тарту етті

Ресейдің атақты музыканты Денис Мацуев алматылық жас пианист Санжарәли Көпбаевқа кәсіби рояльді сыйға тартты. Санжарәли осыдан 6 жыл бұрын Астана пиано пэшн халықаралық конкурсында өзінің ерекше талантымен маэстроны таңқалдырған болатын. Содан бері ол мэтрдің шығармашылық қамқорлығында. 

Жаңа күйсандықтың дыбысы ерекше – тембрі анық, пернелері сезімтал. Енді Санжарәли күрделі шығармаларды жоғары дәрежеде орындай алады.

Санжарәли Көпбаев, жас пианист:

- Менде техника жағынан шығып жатса, философия жағынан шықпай жатады. Мысалы ол композиторлардың бірі Бах. Бахтың прилюдии фуга шығармалары бар. Немесе бетховеннің сонаталары бар. Шестакович, сол шығармаларды философия жағынан жеткізу өте қиын. Денис Мацуевтың сыйлығына көп көп рахмет. Менің ойымша әр музыкантқа сапалы инструмент өте керек нәрсе.

Атақты пианист, Ресейдің қалық әртісі Денис Мацуев  Санжарәлиді алғаш рет 2013 жылы көреді. 9 жастағы жеткіншек сол жылы халықаралық Astana Piano Passion конкурсында жүлделі екінші орынды жеңіп алады. Бір жылдан соң бас жүлдені иеленеді. Жас музыканттың талантына тамсанған маэстро оны Мәскеуге, одан соң Воронежге, Брюссель мен Иркутск фестивальдеріне шақырады. Сахнаға әр шыққан сайын жарқырай көрінген талантқа ол ерекше сыйлық жасауды ұйғарады.

Гүлжан Қалдыбекқызы, Санжарәли Көпбаевтың анасы:

- Көзге көрінгеннен кейін Денис Мацуев шыдай алмай, мәрттік жасап, осы менің балама шабыт сыйлады десек болады. Шабыт – рояль. Неше түрлі үлкен сахнаны сыйлады.

Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп Санжарәлидің екінші үйі. 2 жасынан бастап классикалық музыкаларды айта бастаған оны ата-анасы  5 жасында арнайы мектепке әкелген. Айта кету керек, Көпбаевтардың отбасында төрт ұл. Олардың бәрі музыкант.

Гүлжан Қазыбекова, Санжарәли Көпбаевтың ұстазы:

- Біз әу баста-ақ Санжарәлидің ерекше талантты бала екенін аңғардық. Алғаш келгенде күйсандыққа отыра салып, ойнай жөнелді. Барлық балада мұндай бола бермейді. Ал ол кішкентай болса да өзінің қабілетін байқатты.

Санжарәли қазір фортепианоға арналған күрделі шығармаларды шебер орындайды. Мұндай шеберлікке әдетте музыканттар жылдар өте қол жеткізеді,-дейді ұстаздары. Ал, Санжарәли табиғи талант. Жас музыкант жақында астанада өтетін  Astana Piano Passion халықаралық конкурсына құрметті қонақ ретінде қатысады. Сондай-ақ, өзінің жеке концертін береді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Телеканал Хабар 24