379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағанды облысының жас домбырашылары Чехияда бас жүлде жеңіп алды

  • 146
  • UPD: 12:52, 02.04.2019
Қарағанды облысының жас домбырашылары Чехияда бас жүлде жеңіп алды

Қарағанды облысы Саран қаласындағы өнер мектебінің жас домбырашылары Чехияда өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл өнер ұжымының үлкен додадағы алғашқы жетістігі. 

Ансамбль бірінші кезеңде орыс әндерінен попурри орындаса, шешуші кезеңде Құрманғазының бірнеше күйін төгілте тартқан.

Өнер додасына Германия, Польша секілді 7 мемлекеттен жас өрендер қатысты. Үкілеп жіберген өнерпаздарымыз үмітті ақтап, бас жүлдені қанжығаға байлады. Бұған қоса жекелеген орындауда да үш бірдей балғынның бағы жанып, бірінші орын алды. Жалпы «Үміт» домбырашылар ансамблі осыдан екі жыл бұрын ғана құрылған. Құрамында 9 бен 12 жас арасындағы 8 бала бар.

Гүлмира Абжатова, ансамбль жетекшісі:

- Байқау өте қызықты болды. Бүкіл аспапта, жеке орындауда болды. Біздің балалар өздерін өте жақсы көрсетті. Сахналық шеберліктерін көрсетті. Үйренген, дайындаған шығармаларын өте жақсы орындап, үлкен бағада өздерін көрсетіп, байқауға келген адамдар өте риза болып, залда жақсы құрметтеді.

Телеканал Хабар 24