378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қызылордада «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі басталды

  • 134
  • UPD: 23:31, 09.04.2019
Қызылордада «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі басталды

Қызылордада «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы 4-маусымының іріктеу кезеңі басталды.

Қазір Сыр өңірінің жүзден астам өнерпазы финалға берілер жалғыз жолдаманы сарапқа салу үстінде. Өнер бәйгесіне қатысушылардың ән салу шеберлігінен бөлек әртістік қабілеті де бағаланады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыннан сүрінбеген сырбойылық өрен өзге өңірлердің 16 жеңімпазымен бірге суперфиналға өтеді. Финалистерге Алматыдағы «Бөбек» ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үйдің» есігі айқара ашылады. Балғындармен хореографтар, стилистер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды. Жобаның ақтық сыны алдағы қазанда өтеді. Ал «Бала дауысы-2019» байқауының жеңімпазы музыкалық жоғарғы оқу орнында білім алу грантына ие болады. Сонымен қатар «Диснейлендке» жолдама беріледі.

Телеканал Хабар 24