376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ЮНЕСКО ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанға арналған көрме ашылды

  • 143
  • UPD: 10:37, 11.04.2019

Көрмеде Ұлы Даланы бейнелеген жас суретшілер мен фотографтардың туындылары қойылған. Экспозиция көрермендерге ерекше әсер етіп, қазақ еліне деген қызығушылық арта түсті.

Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы ұйымдастырған шара Франция төрінде елордамызды жан-жақты танытты. Әлемнің әр қиырынан жиылған жастар бас қаламыздың әсем жерлері бейнеленген туындыларын ұсынды. Жиылған қауым мәдени шарадан ерекше әсер алып, тіпті кейбіреуі Қазақстанға барып елорданы өз көзімен көргісі келетіндерін жасырмады.

Серкан Аязбаев, ЮНЕСКО клубтары ұлттық федерациясының вице-президенті:

-Астанамызға қызығып жүргені бізді қуантады. Қазылар алқасы үшін Қытай, Үндістан немесе Қазақстан балаларынан таңдау жасау қиын болған. Өйткені 8 мың шығармасы арасынан альбомға тек 635 туындысы кірген. 

Экспозицияға Тұңғыш Президент қоры да ат салысты. Жас суретшілерінің бейнелерін танымал авторлардың пейзажды фотографиялары толықтырды.

Сергей Тоқтаров, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры өкілдігінің директоры:

- Осы көрме авторлары - балаларымыз бен жастарымыз. Бұл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді жалғастыратын буынымыз. Еліміздің дарынды жастарының өнерін көрсеткен осы жоба арқасында әлем жұртшылығы заманауи Қазақстанның жаңа тұстарын ашатынына сенімдіміз.

Клаудиа Райнпрехт, ЮНЕСКО жанындағы австрияның тұрақты өкілі:

-Қазақстан кең–байтақ ел екенін білгенмін, бірақ мына туындылар елдеріңіз бөлек бір дүние сынды екенін айғақтап отыр. Бұл расында да керемет. Осы тамаша елді көруге берген мүмкіндіктеріңізге ризамын.

Нұр-Сұлтан шаһары -  заманауи, ал Қазақстан - жанға жайлы, табиғаты көркем ел. Шараға келген барлық қонақтар осындай пікірде. Париждегі көрме сәуірдің 12-не дейін жалғасады.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Бекхан Тепсаев

Телеканал Хабар 24