379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО-да «Рухани жаңғыру» аясында археологиялық зерттеулер қарқын алды

  • 100
  • UPD: 10:58, 11.04.2019

Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру  бойынша 2017-2021 жылдар аралығында 80 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Құндылықтарымызды дәріптеп, тарихмызды түгендеуге арналған шаралар легі де жетерлік. Соның бірі археологиялық зерттеулердің ерекше қарқын алғанын айтуға болады.

Шығыс Қазақстанда 2016-шы жылы  «Археологиялық ғылыми зерттеулерді дамыту» жобасы басталған болатын. Өлкенің  өткеніне үңіліп, жәдігерлерді іздестіруге арналған  дәл осы бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан ерекше қолдау тапты. Осылайша алғашқы  3 жылдың жетістігі өткен күзде қорытындыланды. Осы уақыт ішінде жалпы 19 мыңнан астам артефактқа қол жеткізілді.  Соның ішінде былтыр жазда олжалы аяқталған  Тарбағатай ауданындағы қазба жұмыстарын айтуға болады.  Елеулісі сол -Елеке сазы қорымынан алтын адам  табылды.Киімі алтынмен апталған жас жігіттің мүрдесі біздің ғасырымызға дейінгі 8-7 ғасырға жатады.

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:

- Елеке сазы дегеннен Тарбағатайда табылған әлгі сақ бекзадасының бір шалбарының өзінің әшекейі бірнеше ондаған мыңдағанға кетіп қалады. Мәселе оның санында емес солардың тарихи құндылығында. Мысалы  технологияның керемет озық дамығанының бір көрнісі ғой. Қазіргі кезде  сондай жасай алмайтын, бір милиметр әшекейлерді жіппен тізбектеп содан шалбарын әшекейлеген.

Өңірден табылған жәдігерлер университет қабырғаларындағы Үлкен Алтай ,Музей-зертхана сынды  мәдени орындарға топтастырылуда. Мақсат –тарихи жәдігерлерді қоғамға кеңінен насихаттау.

Елдос Қариев, «Алтайтану» орталығының  жетекші  ғылыми қызметкері:

- Біз ғылыми айналымға түсіреміз. Жалпыға ортақ қыламыз. Бұл мұражай жабық емес. Бізде апта сайын кәсіби бағыттар жүреді. Облыстың бүкіл мектептерінен оқушылар келеді,олардың барлығы осы арқылы өтеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының демеуімен енді осы археологиялық  ғылыми зерттеулер жобасы тағы да 3 жылға ұзартылды. Ондағы меже- көне алтай баурайын терең зерттеп зерделей түсу.

Аталған бағдарлама асында жүзеге асқан  шаралардың бірі ретінде  Семейде - «Абай әлемi» кітаптар топтамасының жарық көруін айтуға болады.  16 кітаптан тұратын топтамаға данышпан ақын Абай бастаған 10 қаламгердің туындысы енген. Олардың ішінде Федор Достоевскийдің бұрын жарық көрмеген «Семипалатинский период» атты шығармасы бар. Сонымен қатар осы күнге дейін елеусіз келген тұлғалардың да еңбегі қамтылыпты.

Медеу Сәрсеке, жазушы:

- Әміре жөнінде кітапты 2 тілде қосып шығардық қазақша. Сосын Абайдың шәкірті деп аталатын 13 ақын бар, оны мен емес, Мұхтар Әуезов айтқан. Солардың да басы Төлеу ақынды шығардық. Нұрлыбек Баймұратов кітабын дайындап отырмыз. Бір ауыз сөзі үшін Сібірге 25 жылға айдалып кетіп, аман келген кісі.

Топтама таралымы 14 мың дана. Игі бастама биыл да жалғасады деген жоспар бар және бұл жолы жергілікті  жас қаламгерлер көбірек ескерілмек.

Авторлары: Э.Ахметова, Болат Көкенайұлы, А.Төлепов, Медет Өмірханов

Телеканал Хабар 24