377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсының жеңімпаздары анықталды

  • 162
  • UPD: 18:11, 12.04.2019
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Ауылым –алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының жеңімпаздары анықталды.

Конкурсқа қатысуға 300-ге жуық қаламгер өтініш берген. Олар поэзия, проза және драматургия жанрында шығармаларын ұсынған. Дәулеткерей Кәпұлы, Амангелді Кеңшілік, Жансая Жарылғапов және т.б әдебиет танушы ғалымдар, белгілі сыншы, жазушылардан құралған қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Поэзия жанырында Қуаныш Оспан, прозада Құрманжан Қасымжанұлы жеңіске жетті. Ал драматургия жанрында қатысқан Ерболат Баятұлы «Алтын тұғыр» жүлдесін алып, ең үздік автор атанды. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы мен «Әдебиет» порталы ұйымдастырған онлайн конкурста шетелдік қандастарымыз да бақ сынаған.  2018 жылдан беррі әдеби додаға орыс тілді қаламгерлер де қатысады.

Ерболат Баят, «Ауылым - алтын тұғырым» конкурсының жеңімпазы:

- Мен драматургия бойынша қатыстым. Өйткені поэзия мен прозада жас шектеулі болды. «Базарға барып, бақ сына» дейді қазақ. Мен бұрын драматургияда жазбағанмын. Содан «Қош бол, қос томар» деген драма жазып едім. Сол «жүлделі орын алдың» деп маған хабарласты. Осындай серпілісті дүниелер біздің елде жалғаса беру керек деп ойлаймын. Бұдан да кең көлемде, бұдан да маңызы терең масштабы қауымды түгел қамтыған дүниелер жалғаса берсе нұр үстіне нұр болар деп ойлаймын.

Телеканал Хабар 24