377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ташкентте «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрме ашылды

  • 108
  • UPD: 22:40, 12.04.2019

Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Ташкентте «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрме ашылды.

«Алтын адамның әлемдегі мұражайларға шеруі» жобасының аясында ұйымдастырылған шарада Есік маңынан табылған Сақ жауынгері мен алтын бұйымдар, темір дәуіріне тиесілі жәдігерлер қойылған. Көрменің алғашқы күні-ақ «Алтын адамды» көруге келген жұрттың қарасы қалың. Әлем кезіп, талайды көрген жиһанкездер де таңдай қағып, ұлы даланың тарихын білмекке ынтызарлық танытты. Көрмені тамашалап қайтқан тілшіміз тарқатады.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласында Сақ жауынгерін ерекше атап өтіп, тарихымызды тереңірек зерттеуді тапсырған еді. Соның негізінде қолға алынған «Алтын адамның әлемдегі мұражайларға шеруі» Өзбекстанға да келіп жетті. Қос елдің Мәдениет министірлігі бірлесіп ұйымдастырған шара аясында халықаралық баспасөз мәслихаты өткізіліп, онда көрменің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың  тарихи байланыстың қарқынды дамуына және негіз болады, дейді Өзбекстанның мәдениет минстірлігін өкілі.

Камола Акилова, Өзбекстан мәдениет министрінің орынбасары:

- Бұл көрме біздер үшін Қазақстанның жаңа қырын ашып берді. Қазақстандағы көшпенді халықтың өркенниетінің мәдениетін көрсетті.Бұл біздің ұлттық мәдениетімізді толықтырады. Өйткені заману үрдісте мәден диалог қана жаңа мәнеи өнер туындыларының дүниеге келуіне негіз болады. Оған қоса қос елбасшының бір біріне деген сенімді қолдаулары мәдени байланысты қарқынды жандандырады.

«Алтын адам» қазақ тарихының сақ дәуірінен бастау алатынын дәлелдеді. Ұлттық тарихымызды жаңғыртып, түп-тұқиянымызға жаңаша көзқарас қалыптастырды. Өзбекстанның Шығармашылық музейінде өткен көрмеге Алтын адаммен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі қорынан 100 ден астам жәдігер қойылды. Көрменің негізгі экспонаты Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» болды.

Юлдуз Шамсудинова,Ташкент қаласының тұрғыны:

- Біз тіпті Қазақстан даласында мұндай байлық бар деп ойламадық. Оны қандай шеберлер жасаған десеңізші. Барлығы ерекше, өте ұқыпты зергерлік жұмыс, Біз шын мәнінде бұған таңданыспен қарап жүрміз. 

Рухани жаңғыру бағдарламасы арқау болған көрме жалпы бірнеше бөлкітен құралған. Онда Қазақ этнографиясы мен Алтын және Күміс залдары бар. Дала өркенниетінің тарихы мен өткеннің көрінісі. Ұсынылған бұйымдардың көбісі аң стилінде жасалып, жануарлар бейнесі сомдалып алтынмен қапталған. Бұл сол дәуірде қазақ даласында көленердің ерекше дамығанын айғақтайды.

Алмаз Нұразхан, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры:

- Сеулде жүрген кезде корей қалқы біздің өнеріміз сәйкес келеді,бір-біріне жақын келеді деген кезде мен соған біраз таң қалдым. Соған қарағанда мына біздің туған айындарымыз өте жақсы қабылдап жатыр. Өздері де бұған сәйке өзіміздің өнерімізді әкеп мүндетті түрде көрсетеміз деген ұсыныстар болып жатыр. Үлкен меморандумға қол қойдық.

Алтын адамды әлемге таныту жобасы әлі де жалғасады. Күні бүгінге дейін көрме әлемнің бірнеше елінде болыпты. Алда АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия мұражайларында өткізу жоспарланып отыр. Ал Ташкенттегі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесі бір ай бойы жалғасады.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Темир Исмаилов

Телеканал Хабар 24