379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Дала фольклорының антологиясы жарық көрді

  • 278
  • UPD: 17:52, 19.04.2019

7 бөлімнен тұратын жинаққа аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар мен ән-күйлер енген.

Ерекше жәдігерден Әміре Қашаубаев, Жәнібек Кәрменов, Ғарифолла Құрманғалиев сынды майталмандардың шығармаларын көруге болады. Қазақ халқының мол мұрасы талай ұрпаққа азық болары анық. Бабаларымыздың ерлігі, халықтың даналығы мен парасаты, мәдениеті паш етілген жинақ электрондық нұсқада қолжетімді. Ал келешекте елімізде ұлттық фольклор сайты ашылмақ.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- ҚР Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы осы 2 томдықты шығаруға түрткі болды. Ең алдымен бұл жоба арқылы балаларымыздың санасына бабаларымыздың бай мұрасын сіңіреміз. Ұлы даланың ұлы мұрасын біліп өскен ұрпақ ешқашан ұтылмайды.

Телеканал Хабар 24