378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Сеулде қазақ сән үлгісі көрсетілді

  • 169
  • UPD: 10:54, 25.04.2019

Сеулде танымал қазақ дизайнері Камила Сүлейменованың сән көрсетілімі өтті.

«Корея-Орталық Азия» ынтымақтастық форумының хатшылығы мен елшілігіміз ұйытқы болған фэшн шоуда киізден жасалған киімдер таныстырылды. Модельдер ретінде шараға Оңтүстік Кореяда оқып жатқан студенттеріміз қатысты. Олар киізден жасалған ұлттық және заманауи киім үлгілерін киіп шығып, көпшілікті тәнті етті. Оңтүстіккореялық дизайнерлер жүннен жасалған материалдарды пайдаланбайды, ұлттық киімді жібектен тігеді. Сеулге дейін Камила Сүлейменованың көрсетілімдері Лондон және Миланда сәтті өткен.

Джин Хян Джа, Корея ұлттық киім ассоциациясының президенті:

- Қолдан өңделген табиғи материалдан жасалған киім мені өте таңғалдырды. Ол – өнер. Қазақ ұлттық киімінің дизайны мен идеяны Корея әйелдері үшін пайдалансам сізге өте риза болар едім.    

Әйгерім Әшімова, қазақ брендінің өкілі:

- Киіміздің айырмашылығы, біріншіден, ол қолдан жасалған. Екіншіден, киіз – қазақтың дәстүрлі материалы. Ол өте жеңіл, әр жыл мезгілінде киюге ыңғайлы. Жақында осы коллекция жапондық сатып алушыларды қызықтырды.

Телеканал Хабар 24