378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шымкентте «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтіп жатыр

  • 253
  • UPD: 22:00, 27.04.2019

Шымкентте өтіп жатқан «Қызғалдақ жолы» фестивалі түс ауа түрлі шаралармен жалғасын тапты.

Жұртшылық гүл баптаушы флористердің сайысына куә болса, балалар қызғалдақтың суретін салудан кім мықтыны анықтады. Бұл күні дала гүлінің тарихы туралы театрландырған көрініс қойылып,  дизайнерлер дефиле ұсынды. Қазір мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласқан. 

- Фестиваль қалай өтіп жатыр?

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Күні бойы жалғасқан «Қызғалдақ жолы» фестивалі жан-жақты қамтылған деп айтуға болады. Мұнда дала жауһары,  гүлді насихаттауға флористерден бастап, суретшілер, дизайнерлер тіпті аспазшылар да өз үлесін қосуда.

Әсіресе қолына қылқалам мен бояу алған балалар жағы ақ қағазға кейбіреуі тіпті асфальт бетіне борменен қызғалдақты әркім өзінше елестетіп бейнесін келтіруде. Кәсіби суретшілердің де фотографтардың туындылары осында қойылған. Қызғалдақ әрине біздің өлкеге тән өсімдіктің түрі. Қазақстанда 35 түрі өседі. Ал грейг, кауфман атты сұрыптары Түркістан облысы, Шымкент қаласының маңында көптеп кездеседі. Былтыр  шаһарға қызғалдақтың 700 мың түбі егілсе, биыл қала көшелеріне 1 миллионнан астам  қызғалдақ тұқымы отырғызылған екен.

Қазір мұнда фестиваль көрермендері үшін эстрада жұлдыздарының концерті өтіп жатыр. Сосын заманауи музыканы жандандырған ди-джейлер сайысын тамашалауға болады. Іс-шара соңы әрине от шашуға ұласады.

Телеканал Хабар 24