378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ержан Максим мен Микелла Абрамова «Жас толқын» байқауында бірге өнер көрсетті

  • 188
  • UPD: 11:55, 31.05.2019
Ержан Максим мен Микелла Абрамова «Жас толқын» байқауында бірге өнер көрсетті super.ru

«Голос.Дети» вокалдық шоуының финалистері Ержан Максим мен Микелла Абрамова Крым қаласында «Жас толқын» балалар байқауында «Это любовь» атты әнді бірге шырқады.

Байқау «Артек» лагерінің концерттік алаңында басталды. Олар сахнаға шықпай тұрып Микелла Абрамованың анасы Алсу бұл әннің тұсаукесері екенін және авторлары Дмитрий Климашенко мен Шер Остен екенін айтты.

Сахна сыртында Микелла Абрамова тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Ол өзінің сүйікті әншілері Ариана Гранде және Билли Айлиш екенін айтып берді.

Биылғы қаласында «Жаңа толқын» балалар байқауы 12-ші рет өткізіліп отыр. Оның финалы 30 және 31 мамыр күндері өтеді. Байқауға 9 елден өнерпаздар қатысады және арнайы шақырылған жұлдыздар өнер көрсетеді.

Бұдан бұрын Алсудың YouTube-арнасында жас әншілердің бірігіп махаббат туралы әнді орындап жатқан видеосы жарияланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Голос. Дети» байқауының финалы 26 сәуір күні болып, жанжалмен аяқталған болатын. SMS-дауыс беру нәтижесінде ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңген болатын. Алайда көрермендер оның жеңісін «жалған» деп сенбеді.

16 мамыр күні Бірінші арна» Ресейде өткен «Голос. Дети» байқауы ақтық финалының қорытындысын жойды. Дауыс нәтижесін қайта қарау кезінде сыртқы әсердің болғаны анықталған болатын.

Бұдан бұрын Ержан Максимді атақты композитор, продюсер Игорь Крутой өзінің өзінің музыкалық академиясына шақырған болатын. Ержан Максим тыңдармандарына қуана келіскенін айтып, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерін шыңдайтынын жеткізді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Финалисты «Голос. Дети» Микелла Абрамова и Ержан Максим представили мощный дуэт «Это любовь» на «Детской Новой Волне», которая сегодня стартовала в лагере «Артек» в Крыму? ⠀ А перед выходом на сцену юная артистка ответила на вопросы журналистов. ⠀ Как вам песня?? ⠀ Кстати, ещё больше фото и видео с конкурса в сторис☝? ⠀ #детскаяноваяволна #артек #ержанмаксим #микеллаабрамова #голосдети

Публикация от Starhit.ru (@starhit.ru)

Телеканал Хабар 24