387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Иорданияда «Әміре» және «Анаға апарар жол» фильмдері көрсетілді

  • 156
  • UPD: 15:31, 30.08.2019
Иорданияда «Әміре» және «Анаға апарар жол» фильмдері көрсетілді inform.kz

Иордания Хашимит Корольдігінің астанасы Амман қаласында ИХК-дағы ҚР Елшілігі ұйымдастырған Қазақстан кино күндері сәтті өтті.

Бұл туралы Иорданиядағы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әміре» және «Анаға апарар жол» фильмдері көрсетілді. «Қазақстандық фильмдер халықаралық деңгейде танылды. Мысалы, «Әміре» фильмі Голливуд кинофестивалінің жеңімпазы атанып, Ричмондтағы халықаралық кинофестивальде екі жүлде алды. Біз осы мәдени оқиғаның Қазақстан мен Иордания халықтарын бірлестіріп, достық қатынасты одан әрі нығайтады деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді Иорданиядағы Қазақстан Елшісі Айдарбек Туматов.

Өз кезегінде танымал иорданиялық өнер қайраткерлері ҚР Елшілігіне алғыс айтып, «ҚазАқпарат» ХАА-ға берген сұхбатында қазақстандық кинематографияның жетістіктерін жоғары бағалады.

«Бұл фильмдер көптеген халықаралық сыйлықтар иеленді. Бүгінгі көрсетілім иорданиялықтарға қазақ мәдениеті туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. Бііздің кинематография жөніндегі Корольдік комиссиясы сіздердің тарихыңыздағы қиын кезеңдердегі адамдар туралы оқиғаларды қолдайды. Бұл бір-біріміз туралы жақыннан білуге мүмкіндік беріп отыр», – деп пікір білдірді Коммуникациялар және мәдениет бөлімінің директоры Нада Думани.

Айта кетсек, аталған шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін ҚР Елшісі Айдарбек Туматов кинематография бойынша Корольдік Комиссарлар Кеңесінің төрағасына, ханшайым Рим Алиге алғыс айтты.

Телеканал Хабар 24