Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 100
389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордалық Жастар театры халықаралық фестивальде бақ сынайды

  • 241
  • UPD: 17:30, 25.09.2019
Елордалық Жастар театры халықаралық фестивальде бақ сынайды

Елорданың Жастар театры халықаралық фестивальде бақ сынайды, деп хабарлайды Елорда Инфо мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жастар театры Қырғызстан Республикасы Ош қаласында өтетін ҚР Халық әртісі Жамал Сейдакматованың 80 жылдық мерейтойына арналған «ART-ORDO» VII халықаралық театр фестивалінде Ш.Айтматов, О.Бөкей, Р.Мұқанованың «Ғасырдан да ұзақ…» триптихімен бақ сынайды.

Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Айта кетейік, Жастар театры 2008 жылы дәл осы фестивальде Ш.Айтматовтың «Жан азабы» әфсанасымен бақ сынап, «Ең үздік спектакль» – Гран-при жүлдесімен қатар «Жоғарғы деңгейдегі көркемдік шешімі үшін» және «Үздік сазды безендіру» номинацияларын иеленген болатын.

Сондай-ақ, 2017 жылы У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы үшін театрымыздың көркемдік жетекшісі, әрі бас режиссері Нұрқанат Жақыпбай «Үздік режиссер» номинациясын иеленді және «Қырғызстан театр қайраткерлер одағы, қоғамдық театр өнері академиясының академигі» атанды.

Другие материалы в этой категории: « «Астана Опера» музыка күнін атап өтпек
Телеканал Хабар 24