384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Мүгедек бала асырап отырған ата-аналар жәрдемақысы 30% артады

  • 840
  • UPD: 12:36, 27.02.2019
Мүгедек бала асырап отырған ата-аналар жәрдемақысы 30% артады Матрица.kz

Соның нәтижесінде 100 мың адамның жәрдемақысы өседі.

«Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгені бөлуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде. Президенттің айтуынша, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа тарту қажет. Бүгінде үйде отырып та табыс табуға болады. Жергілікті бюджет есебінен де көмек беруді күшейту керек. Өткен жылы жергілікті бюджеттер есебінен 135 миллирд теңге көмек берілді. Осындай көмекті жалғастыру қажет деп атап көрсетті Елбасы.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі отырысынан арнайы шығарылымды біздің арнамыздан бүгін кешкі сағат 21:30 көріңіздер.

Телеканал Хабар 24