379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шымкентте газ таратушы компания оқушылардың улану себебін теріске шығарды

  • 177
  • UPD: 17:39, 19.03.2019

Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы өкілдері денсаулық сақтау комитеті төрағасының мәлімдемесімен келіспейтіндіктерін жеткізді.

Ынтымақ шағын ауданында болған улану оқиғасының оларға қатысы жоқ екенін алға тартты. Десе де, тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Токсикологиялық ауруханаға жеткізілген азаматтарға қазір медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді жергілікті аурухананың бас дәрігері.

Мадина Ермаханбетова, Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының бас дәрігері:

- Біз түскен 45 науқастың барлығына медициналық көмек көрсеттік. Детоксикациялық ем қолдандық және симтоматикалық ем қолдандық. Бірнеше науқасқа ксилородттық ем тағайындалды. Ол науқастардың барлығына табиғи газбен уланудың жеңіл дәрежесі деген диагноз қойылды.

Жеңіс Қуанышбеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» ШФ бөлім басшысы:

- Санитарлық нормаларға сәйкес метан негізгі төртінші санаттағы саналады да улы газдар қатарына жатпайды. Дегенмен, сол метанмен улану мүмкін емес. Себебі ол ауадан жеңіл. Шыққан жағдайда да ол жерде жарылыс, және өрт қауіпі болмаса тұншығу жағдайы болуы мүмкін еді.

Телеканал Хабар 24