377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


А.Мамин Ақмола облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

  • 197
  • UPD: 18:35, 19.03.2019
А.Мамин Ақмола облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Елбасы Жарлығымен тағайындалған Ақмола облысының жаңа басшысы Ермек Маржықпаевты облыс активіне ҚР Премьер Министрі Асқар Мамин таныстырды.

Айта кетейік, Ермек Маржықпаев, бұрынғы Целиноград қаласының тумасы. Ол 2015 жылдан бері Көкшетау қаласының әкімі қызметін атқарып келеді. Оған дейін бірнеше ауданда әкімнің орынбасары және әкім болған. Үкімет басшысы жаңа басшыға тың міндеттер жүктелетінін жеткізді. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру қажет. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін және басқа да экономиканың салаларын одан әрі қарқынды дамуын, сонымен қатар, жаңағы туристік әлеуеттің дамуы бойынша нақты ауқымды жұмысты ұйымдастыру қажет. 2020 жылы Көкшетауда Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізіледі. Облыс осы маңызды іс-шараны жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз ету керек. Осы маңызды міндеттерді атқаруға Елбасы Ермек Боранбайұлына сеніп отыр. 

 Ермек Маржықпаев, облыс әкімі:

- Біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Мен үшін бұл қызмет үлкен жауапкершілік, зор абырой. Ақмола облысы аянбай еңбек етуге дайынмын.

Телеканал Хабар 24