379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО-да егін алқаптарының электронды картасы жасалады

  • 175
  • UPD: 19:48, 19.03.2019
ШҚО-да егін алқаптарының электронды картасы жасалады

Шығыс Қазақстан облысында егін алқаптарының электронды картасы жасалмақ. Осылайша өңірде  егін  егуге тиімді алқаптарды нақты анықтауға қол жеткізіледі.

Сонымен  қатар шаруалар қандай жер тыңайтуға қолайлы, қандай тыңайқыштар қолданған ұтымды екенін  алдын ала болжамдай алады. Цифрлық картаны жасаумен қазір Глубокое ауданындағы «Майлы дақылды тәжрибелік бау-бақша шаруашылығы» айналысып жатыр. Олар өңірдегі  белді жоғарғы оқу орнымен бірлесіп  жоба әзірлеуде.Ғылыми мамандар жер құнарлығын зерттеуге арналған құралдарды ұсынып отыр. Ал агрофирма өз жұмысында GPS навигатормен жабдықталған арнайы техниканы қолданады. Холдинг жетекшісі Фарид Абитаев өзге де шаруашылық иелеріне цифрлық карта жасауға көмектесе аламын дейді. Сондықтан жаздан бастап әріптестеріне дәріс өткізбек.

Фарид Абитаев, агрохолдингтің бас директоры:

- Біз осы технологияны енгізетін болсақ  жастар да ауылшаруашылығымен айналысуға ұмтылатын болады. Қол еңбегі біршама азаяды. Есесіне еңбектің жемісі көбейеді. Өйткені цифрлық технологияны қарқынды енгізіп жатқан өзге өндіріс орындарының да, өнім көлемі артып келе жатқанын байқап жүрміз.

Телеканал Хабар 24