380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде 8 мыңнан астам сәбиге қызылшаға қарсы вакцина егіледі

  • 237
  • UPD: 21:17, 19.03.2019
Елімізде 8 мыңнан астам сәбиге қызылшаға қарсы вакцина егіледі

Елімізде қызылша дертінің ушығуына байланысты балаларға екпе ертерек салынбақ. Аурудың алдын алу үшін тек бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында 8 мыңнан астам сәбиге екпе егіледі.

Маңызды науқан бірінші сәуірден басталмақ. Ол үшін өңірге кезең-кезеңімен қосымша 10 мың доза вакцина жеткізіледі.  Айта кету қажет, жалпы өткен жылдың қараша айынан бастап солтүстікте 200-ден астам адам аталған індетті жұқтырды деген күдік бар. Зертханалық тексеріс жұмыстарынан кейін 170 азамат осы кеселге шалдыққаны расталды. Ал оның 45 проценттен астамы балалар.  

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл вакциналар біздің өңірге 29-ы наурызға дейін жеткізіледі. Қазіргі таңда облыста алты, тоғыз айлық және бір жасқа толатын сәбилердің саны- 8 мыңнан асып жығылады. Мұнымен қоса екпе медицина қызметкерлеріне де салынады. Өйткені өңірде жалпы 500-ден астам азамат қызылша ауруына шалдықққандармен тікелей байланыста болғаны анықталды.

Телеканал Хабар 24