377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Наурыз мерекесінде Ақтөбеде 100-ден астам киіз үй тігіледі

  • 202
  • UPD: 21:51, 19.03.2019
Наурыз мерекесінде Ақтөбеде 100-ден астам киіз үй тігіледі

Наурыз мейрамында Ақтөбеде 100-ден астам киіз үй тігіледі. Қазір орталық алаңда дайындық қызу. Жалпы батыс өңірі бұл мейрамды тойлауды амал мерекесінен бастаған еді.

Содан бері түрлі шаралар өтіп жатыр. Наурыздың жиырма екісінде облыс бойынша мыңнан астам мерекелік шара өтеді деп жоспарланған. Жылдағыдай, 300 мыңнан астам адам наурыз тойын тойлауға шығады. Басты бағдарлама Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта өтеді. Мұнда табақ тартылып, қонақтарға наурыз көже ұсынылады. «Ең үздік киіз үй» байқауы ұйымдастырылады. Жалпы, ұлыстың ұлы күні мұнда 80 мың литрге жуық көже, 33 тонна палау мен 52 тонна бауырсақ пісірілмек. Қазір аспаздар керек-жарағын дайындап, әзір отыр .

Күлпаршын Айдарханова, қала әкімінің орынбасары:

- Ақтөбе қаласына биыл 150 жыл, сол 150 жылдыққа бірнеше байқау жарияланды. Олар «үздік көше», «үздік жеке сектор үйі» «үздік көп қабатты үй» және «үздік үй жанындағы аумақ» деген. Байқауларға көп көше тұрғындары қабарласып, киіз үй құрамыз, сол байқауларға қатысамыз деген ұсыныс түсіп жатыр.

Телеканал Хабар 24