380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде ARUANA Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды

  • 140
  • UPD: 07:57, 20.03.2019
Елімізде ARUANA Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды

Оны ана мен бала мәселесімен айналысып жүрген үкіметтік емес ұйымдар ашып отыр.

Бірлестік шеңберінде әсіресе көп балалы аналардың қордаланған сұрақтарын тиімді түрде шешу қарастырылған. ARUANA Қазақстан әйелдері құрылтайы аналар мен балаларға заңды, психологиялық және ақпараттық көмек көрсетуді көздейді. «Себебі, кейінгі кезде көп балалы аналар мемлекеттік жәрдемді қалай алуы керек, қайда баруы керек дегенде тосылып қалып жүр. Сондықтан біз оларға заңгерлермен бірлесе отырып көмек көрсетіп, қажетті құжаттарды жинауға жол сілтейміз», – дейді жиналғандар. Сондай-ақ олар әлеуметтік зерттеу жүргізіп, отбасы және көп балалы аналарға қатысты мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларға талдау жасап, олардың орындалу барысын қадағалауды да мақсат етпек.

Гауһар Танашева, «Көп балалы аналар» одағының мүшесі:

- 1 сәуірден бастап біз осы құрылтай атынан орталықтар ашамыз, бірінші тестілік режимде Алматыда ашамыз. Алматыда  аналарды қабылдап, аналардың сұрақтарын, әйелдердің сұрақтарын шешеміз. Сол жағынан біз оларды бағыттап отырамыз. Ана жүгіріп жүрмесін деген мақсат қой.

Телеканал Хабар 24