384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Кәсіподақ мамандары тарихи оқиғаға қатысты пікір білдірді

  • 557
  • UPD: 16:21, 20.03.2019

Еліміздің аймақтарындағы кәсіподақтар ұйымдары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан үшін атқарған еңбегі орасан зор деген пікірде.

Олардың айтуынша, Елбасы адами қапиталға басты назар аударып еліміздің әлеуметтік саласын дамытқан.

Бауыржан Атауов, облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары:

- Көзімізді ашқалы, есімізді білгелі 30 жыл біз күні бүгінге дейін тыныштықта, алға деген сеніммен өмір сүрдік, оқимын деген адамға оқуға мүмкіндік болды, еңбек етемін деген адамға еңбек етуге мүмкіндік болды. Ол кісінің сындарлы саясатының арқасында бақытты, жақсы уақыт болды деп мен ойлаймын.

Раушан Серікова, Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы:

- Мемлекетіміз өркендеп, өсіп, Қазақстан халқының әл-ауқаты көтеріліп, еліміз гүлденуіне, өсуіне, биіктеуіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев зор үлесін қосты. Соның ішінде «Кәсіподақ ұйымының басты мақсаты – еңбек адамының басты әлеуметтік құқығын қорғау» деп айтып өткен.

Телеканал Хабар 24