379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматы тұрғындары: Елбасының еңбегі ерен

  • 191
  • UPD: 16:24, 20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдемесін ел тұрғындары әрі-сәрі күйде қабылдағаны рас.

Дегенмен Тұңғыш Президенттің ел мен жер, мемлекет үшін атқарған еңбегі ерен. Ең еңсесін түзеуге, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, әлемге танылуы ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты болып қала бермек. «Береке-бірлікте, татулық пен ынтымақта тұрып жатқан халқымызды осы ырыс пен құттан айырмасын», – дейді алматылық тұрғындар.

Алматы тұрғыны:

- Елбасының Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін қосқан үлесі өте зор деп ойлаймын. Енді Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде ел басында тұрды. Халықтың бірлігін, ынтымағын Тәуелсіздікті сақтап қалуға бар күшін салып, осындай күнге жеткізді.

Алматы тұрғыны:

- Есте қалғаны жақсы жақтары: елімізде тыныштығы, экономикамыздың жақсарғаны, халықтың әл-ауқатының жақсарғаны.

Алматы тұрғыны:

- Осы жылдар арасында біраз жақсылықты жасады. Шүкір. Білмеймін келешекте кім келетінін. Бірақ ол кісі бізге сыйлы болып, Ұлт көшбасшысы болып есте қалады.

Телеканал Хабар 24