389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елорда тұрғындарына мереке қарсаңында тегін Наурыз көже таратылуда

  • 677
  • UPD: 14:18, 20.03.2019
Елорда тұрғындарына мереке қарсаңында тегін Наурыз көже таратылуда elorda.info

Астанадағы «Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы қала тұрғындары мен қонақтарына тегін Наурыз көже ұсынуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мерекелік шара Жағалау ықшам ауданындағы «Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы филиалында өтіп жатыр.

Осынау мейрам қарсаңында аталған медициналық мекемеге келген әрбір тұрғынды есік алдынан ұлттық киіммен апа-әпкелер қарсы алуда. Келушілер бір-бірін Ұлы мерекемен құттықтап, дәмнен ауыз тиюде.

Айта кетейік, қала әкімдігі биылғы Наурыз мейрамын атап өтудегі басты шараларды жариялаған болатын.

Атап айтқанда, Астанада алты алаңда киіз үйлер тігіліп, этноауылдар ашылады. Келушілер мерекелік концерттік бағдарламаларды тамашалап, қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату және армрестлинг сияқты ұлттық спорт түрлерінен күш сынасады. Астана тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау, наурыз көже, ірімшік тағамдарынан дәм татып, алтыбақан тебеді.

Телеканал Хабар 24