379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтауда Елбасына қолдау көрсетуге бағытталған флешмоб өтті

  • 262
  • UPD: 15:09, 20.03.2019
Ақтауда Елбасына қолдау көрсетуге бағытталған флешмоб өтті

«Біз Елбасымен біргеміз!»

Осындай ұранмен бүгін Ақтауда теңіз жағалауында флешмоб өтті. Ұзындығы 70 метр болатын амфитеатр маңына 200-ге жуық адам жиналды. Елбасына қолдау көрсетуге, оның Тәуелсіздік жылдары халқына сіңірген еңбегіне алғысын жеткізуге келгендердің қатары мол.

Елбасына алғысын жеткізуге асыққандардың қарасы көп. Қала тұрғындарының үлкені де, кішісі де қарт Каспийдің жағасына жиналуда. Бұл жағалауды өткен жылы жазда Ақтауға келген сапарында Нұрсұлтан Әбішұлының өзі ашып, дәл осы жерде халықпен жүздескен болатын.

Сонда ақмаржан қала Ақтауды туризм орталығына айналдыру қажеттігін айтып, жергілікті билікке Ақтау мен Құрық порты арасында жағажай туризмін дамытуды тапсырған еді. Бүгінде жоба басталып та кетті. Елбасының сол сапарында 1,5 шақырымға созылған жағалауда алып дала сахнасы бой көтерген болатын. Қазір осы жерде Тұңғыш Президентті қолдауға арналған флешмоб өтіп жатыр. 

Манарбек Ержан, еріктілер корпусының мүшесі:

- Жылдың басында Елбасымыз Жастар жылы деп жариялаған болатын. Жастар жылы деп жариялағаны Маңғыстау жастары үшін де, Қазақстан жастары үшін де қуантарлық жағдай болған. Дәл қазір Елбасымызға үлкен алғыс айтамыз. Аспанымызды ашық қылып, туымызды көкке көтеріп, әлемге танытты. Ерен еңбектері халықтың арасында әлі де жүреді деп ойлаймыз. Біз үшін ол көшбасшы, Тұңғыш Президент болып қала береді.

Елбасына қолдау көрсетуге ардагерлер, ақ жаулықты аналар, құрылысшылар, қоғамдық ұйым өкілдері, студенттер де келген. Әсіресе жастар көп. 

Арсен Әсет, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының жетекшісі:

- Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап еліміз үшін өзіндік еңбегін, өзіндік күш-жігерін салған Елбасымызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мұндай тұлға 100 жылда, тіпті 300 жылда бір туады деген сенімдемін. Сол себепті елі сүйген, елін сүйген Елбасы аман болсын. Рахмет сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы!

Жағалауға жиналғандардың көңілі толқып, тіпті кейбірі көздеріне жас алып жатыр. Расында да жас мемлекетті аяғына нық тұрғызып, аз уақыт ішінде Тәуелсіз Қазақстанды әлемге таныта білген Елбасының еңбегі өлшеусіз.

Тәуелсіздік алғалы бері экономикамыз 15, ал халықтың табысы 9 есе өскен. Осы еңбектері үшін Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымыз шексіз.

Авторы: Гүлмира Әбішева

Телеканал Хабар 24