384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қиын кезеңде ұтымды қадамдар жасалды

  • 501
  • UPD: 15:13, 20.03.2019
Қиын кезеңде ұтымды қадамдар жасалды

Еліміздегі саяси және экономикалық тұрақтылық ел тұрғындарын ертеңгі күнге сеніммен қарауға мүмкіндік берді.

Халық атынан пікір білдірген қоғам қайраткерлерінің ойы осындай. Олардың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев ең қиын кезеңдерде халықпен бірге болып, салмақты да маңызды шешімдерді қабылдай білді. «Бүгінгі саяси ахуал бұл сөздеріміздің дәлелі», – дейді қоғам қайраткерлері.

Дәулеткерей Рахметулин, «Жаңару» РҚБ директоры:

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуі – керемет іс-шараның бірі. Ол кісі Президенттің қасында жүріп үлкен өнеге алған, шет мемлекеттерде жұмыс істеп, қабілетті екендігі көрініп тұр. Осы президенттік сайлауға дейін 1,5 жыл уақыт қалған болар. Дегенмен осы кезде де үлкен қауіпсіздік керек. Белсенді, беделді тұлға керек.

Мұхтар Еркетаев, «Жайна Астана» ҚБ төрағасы:

- Менің ойымша, біздің еліміздің тарихшылары, білікті азаматтары осы кісінің істеген істерін зерттеуі керек. Өйткені мұндай кісілер 100 жылда бір рет  өмірге келеді деп ойлаймын. Сондықтан 30 жылда біздің елімізді осындай жағдайға жеткізген азаматымыз аман болсын, әлі де біз ол кісіге ақылшы ретінде басымызды иеміз.

Телеканал Хабар 24