377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ҚХА мүшесі: Тұңғыш Президентіміз бейбітшілігіміздің кепілі болып қалады

  • 111
  • UPD: 15:22, 20.03.2019
ҚХА мүшесі: Тұңғыш Президентіміз бейбітшілігіміздің кепілі болып қалады

Тәуелсіз еліміздің ең басты жетістігі – халықтар достығы.

«Ассамблея жастары Қазақстанның Тұңғыш Президенті алға қойған ұлы мұраттардың бірі ұлтаралық татулықты нығайту екені айдай әлемге мәлім», – дейді. Бұған ешқайдан дәлел іздеудің қажеті жоқ. Қазақсанда тұратын жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тату-тәтті өмір кешуде. Жас буын әлем таныған Қазақстанның жарқын болашағы үшін еңбек етпек.

Ғабит Тұрсынбай, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

- ҚХА төрағасы ретінде осы құрылымды дүниеге алып келіп, оның қалыптасып, бүгінгі таңда халықаралық аренада осы мемлекеттің ішіндегі ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтаудағы атқарып отырған зор еңбегі деп білеміз.

Светлана Гаитова, ҚХА мүшесі:

- Көп мемлекеттерде екі ғана ұлт бір-бірімен тіл табыса алмай, қан төгіліп, дағдарыс болып жатқанда, біз, 130 ұлт өкілі қазақтың қасиетті шаңырағының астында біртұтас халық болып, тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүріп келе жатырмыз. Тұңғыш Президентіміз арамызда әрқашан біздің тірегіміз, біздің тыныштығымыз бен бейбітшілігіміздің кепілі болып қала береді.

Рамиль Смаилов, ҚХА облыстық филиалы жастар қанатының төрағасы:

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастарға үлкен сенім артты. Мен  этномәдени бірлестік жастары атынан алғыс айтамын. Нұрсұлтан Назарбаевты біз еліміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек еткен, табысты да білімді ұрпақ тәрбиелеген, тұрақтылық пен бейбітшілікті бәрінен биік қойған ұлы тұлға ретінде бағалаймыз.

Телеканал Хабар 24