384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Өскеменде Ұлыстың ұлы күні ерекше форматта атап өтіледі

  • 715
  • UPD: 15:35, 20.03.2019
Өскеменде Ұлыстың ұлы күні ерекше форматта атап өтіледі Qamshy.kz

Өскеменде наурыз мерекесі Тұңғыш Президенттің өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешімімен астаса өтіп жатыр.

Сондықтан мейрамға келген жұрт осы бір тарихи қадамды талқылап, өз пікірлерін де білдіруде.

Өскемен қаласы биыл Ұлыстың ұлы мейрамын ерекше форматта атап өтпек. Үш күн бойы 3 тақырыпта ұлттық дәстүрді насихаттау шараларын қамтымақ. Алайда біз осы мейрамға қатысушы тұрғындар мен қоғам белсенділерінен Наурыз мейрамы туралы емес, біраз бұрын елорда төрінде ортаға тасталған ұсыныс жайлы сұрап білсек деп шештік.

Айта кету керек, мемлекеттің жаңа басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінен соң Астананың атауын «Нұрсұлтан» деп өзгерту туралы ұсыныс айтып, Тұңғыш Президент есімі көшелерге де берілу керегін жеткізген еді.

Авторы: Эльмира Ахметова

Телеканал Хабар 24