379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО халқы Елбасыға жылы лебізбен хат жолдады

  • 132
  • UPD: 08:34, 21.03.2019
ШҚО халқы Елбасыға жылы лебізбен хат жолдады

Еліміздің әр аймағынан тұрғындар Нұрсұлтан Назарбаевқа елге сіңірген ерен еңбегі үшін ризашылығын білдіруде. Шығыс қазақстандықтар Елбасына үндеу жолдап, Тұңғыш президентке деген ілтипатымен бөлісті.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз шығыс қазақстандықтар сіздің кешегі халыққа айтқан тарихи жолдауыңызды ерекше толқып тыңдадық. Тәуелсіз Қазақстан тарихы Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты. Сіз заманауи мемлекеттің негізін қалаушысыз. Сіз біз үшін тек ғана басшы емес, тұңғыш президент, тұлға, саясаткер және Қазақстан атын әлемдік аренада қалыптастырған дана көшбасшысыз. Ерен еңбегіңіздің арқасында қалыптасқан мемлекетті мақтанышпен әлемге паш ете аламыз. Шығыс Қазақстанда 105 ұлт өкілі тұрады. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз біз үшін ұлтаралық келісімнің негізін қалаушысыз. Татулық пен достық қарым-қатынастың арқасында, біз ынтымақтастықтың не екенін білеміз. Біз Қазақстанды Сіз сияқты жақсы көруге уәде береміз!

Сізге үлкен рахмет! Сіз біздің Елбасы. Сіз біздің көшбасшысыз.

Біз әрқашан Сізбен біргеміз!» 

Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары:

металлургия өнеркәсібі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлері.

Телеканал Хабар 24